Технологияны меңгеру

IT мамандықтары бойынша кең ауқымды бағдарламалау курстарынан таңдау жасаңыз

Біздің курстарымыз

Курстарымызды таңдап, біліміңізді арттырыңыз

Тілдер

6h 33 min

Python

Python — жоғары дәрежедегі бағдарламаллау тілі. Аз синтаксисті талап етеді. Бәрімізге белгілі Instagram әлеуметтік желісі осы python тілінде жазылған.

Деректер

3h 19 min

SQL

Реляциялық дерекқорларын(database) құруға, өзгертуге және басқаруға арналған әмбебап компьютер тілі. Оңай әрі түсінікті компьютерлік командалар ыңғайлы жұмысты қамтамасыз етеді.

Деректер

3h 19 min

C++

Lorem ipsum dolor sit amet consectetur. Vulputate quis adipiscing diam dignissim interdum.

Тілдер

3h 19 min

Javascript

Lorem ipsum dolor sit amet consectetur. Vulputate quis adipiscing diam dignissim interdum.

Кітап туралы

Машинаны үйрету

Бұл кiтаптың басты мақсаты — машинаны үйрету саласын оқырмандарға таныстыра келіп нөлдiк деңгейден халықаралық дәрежедегi Junior Machine Learning Engineer деңгейiне дейiнгі бiлiм беруді іске асыру. Өз тарапымыздан Junior Machine Learning Engineer деңгейін көздейтін тақырыптарды қарастырып, оларға толықтай түсінік беруге тырыстық. Әр тақырыптағы өз бiлiмдерiңiздi тексеру үшiн тест сұрақтар мен жаттығулар берiп отырдық. Сол сұрақтардың кiтап соңындағы жауабын қарап, өз бiлiмдерiңiздi тексере аласыздар. Сонымен бірге, әр тақырып үшiн Python тiлiнде код жазылып, сол тақырыпты теориялық түрде түсiнiп қана қоймай, сол кодты бiзбен бiрге жазып, практикалық тұрғыдан бiлiмдерiңiздi арттыра алуға қолайлы жағдай жасадық. Кiтаптағы әр бөлiмдi оқып болғаннан кейiн сол тақырыпқа байланысты есептер шығара аласыздар. Автоматтандырылған тексеру жүйесi сiздiң кодыңызды тестiлеу арқылы дұрыс не бұрыс екенiн анықтап бере алады.

Кітаптың қысқа нұсқасын оқу

Тәжірибелі және кәсіби тәлімгер

Magzhan Kairanbay

Senior Instructor

Машинаны үйрету саласында 2012 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. 2020 жылы Малазиялық Multimedia University университетінде машинаны үйрету саласы бойынша ғылым докторы атанған. 2018 жылдан бері Suleiman Demirel University университетінде машинаны үйрету және компьютерлік көру курстары бойынша аға оқытушы болып қызмет атқарады. Сонымен қатар Оңтүстік Шығыс Азиядағы SOCAR, AirAsia, 123rf, Bolttech сияқты компанияларда "аға машинаны үйрету" инженері болып жұмыс істеген. Қазір Сингапурлық Bolttech компаниясында "аға машинаны үйрету" инженері болып жұмыс атқарады. Қазіргі таңда Мағжан Қайранбай жасаған машинаны үйрету жобалары Оңтүстік Шығыс Азия және Еуропа нарығында кеңінен қолданылады.

Біздерді кім қолдайды

Бағдат Батырбекұлы Мусин

Мемлекеттік қайраткер, ҚР министрі.

'Digital Nomads мүшесі – Мағжан Қайранбай есімді отандасымыз қазақ тілінде «Машинаны үйрету» атты кітабын жарыққа шығарды. Машинаны үйрету/Machine Learning – 20 ғасырда пайда болған ғылым саласы. Оның басты мәні IT саласындағы ілімдерді деректер арқылы компьютерге енгізу және толықтырып отыру. Автордың қазақ тіліндегі оқу құралында машинаны үйретудегі бағдарламалау, инженерлік бағыттағы ақпараттар шоғырланған. Теориялық және практикалық сұрақтар мен жаттығулар берiлген. Бұл оқу құралы машинаны үйрету саласына жаңадан аяқ басқан оқушы, студент немесе осы бағытта жұмыс iстеймiн деген азаматтарға таптырмас дүние. Шыныменде, Ағылшын және орыс тiлдерiнде машинаны үйрету саласы бойынша ақпараттар өте көп болғанымен, қазақ тiлiнде кемде-кем. Мағжанның бұл туындысы – қазақ аудиториясы үшін өте құнды оқулық. Шетелдің алпауыт компаниясында қызмет етіп жүрсе де, еліне қол ұшын созып жатқан Мағжанға өз ризашығымды білдіремін.'

Dr. Арман Жармағамбетов

Meta AI (FAIR) postdoc ғалымы

'Бұл кітап - қазіргі таңда болып жатқан Жасанды Интеллект саласындағы дағдарыс кезеңінде өте орынды жарық көріп жатқан туынды деп ойлаймын. Бұл саланың (AI) біздің күнделікті өмірімізге, болашағымызға тиетін ықпалы зор екені сөзсіз. Сондақтан елімізге осы кәсіпті игеретін жоғарғы сапалы мамандар ауадай қажет. Кітап заманауи халықаралық стандарттарға сай жазылған және Machine Learning бойынша фундаменталды тақырыптардың бастамаларын қамтиді. Теориялық материалдармен қоса бағдарламау тілдері арқылы шығарылатын практикалық есептер де бар. Жалпы айтқанда, бұл саланы өзіне ашқысы келетін жоғарғы класстағы оқушылардан бастап кез келген жастағы адамға бағытталған тамаша туынды деп ойлаймын.'

Сұраныс қалдыру жолы

Біздің контактімізге жазу

Менеджермен кеңесу, сатып алынатын өнімнің мәліметтерін дауыстау

Ұсынылған әдіс бойынша төлеу

Үйренуді бастау